Венгрия Парламенті Швецияны НАТО-ға қабылдау туралы дауыс беруден бас тартты

354

Венгрия Парламентіндегі оппозицияның Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы дауыс беру туралы ұсынысы көпшіліктің қолдауына ие болмады. 

Венгрия Парламенті Швецияны НАТО-ға қабылдау туралы дауыс беруден бас тартты Фото: Global Look Press.

Бұл ұсыныс енді тек қараша айында қаралуы мүмкін. Бұл туралы "Демократиялық коалиция" партиясының депутаты Агнеш Вадаи мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Осы аптада Швецияның НАТО-ға кіруіне дауыс берілмейді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Вадаи бұл мәселені күн тәртібіне енгізу туралы ұсынысты Фидес — Венгрия азаматтық одағы билеуші партиясының депутаттары қабылдамағанын түсіндірді.

Осылайша, Венгрия Парламентінде Швецияны Солтүстік Атлантикалық альянсқа қабылдау туралы келісімді ратификациялау күні әлі анықталған жоқ. Үкімет Парламентке тиісті заң жобасын 2022 жылдың жазында енгізді, бірақ депутаттар Швед саясаткерлерінің Венгрияға қарсы мәлімдемелеріне байланысты оны қарауды белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Гергей Гуяш сәрсенбіде журналистермен кездесуде Будапешттің әлі де Стокгольмге қатысты бірқатар талаптары бар екенін түсіндірді.

"Біз Швециямен қалыпты, жақсы қарым-қатынаста болғымыз келеді. Біз оған ұмтыламыз, егер арамыз түзеліп жатса оның Альянсқа кіруіне еш кедергі болмайды", — деді ол.

НАТО-ның барлық елдерінің ішінде шведтік өтінімді әзірге тек Венгрия мен Түркия мақұлдамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу