Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады

279

Барлығы 188 депутат дауыс беріп, оның алтауы қарсы болды. 

Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады Фото: Marton Monus/picture alliance via Getty Images

26 ақпанда өткен ұйымның отырысында Венгрия Парламенті Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін қолдады. Осылайша басым дауыспен Швеция Альянс қатарына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Euronews мәліметінше, оны 188 депутат қолдап, алтауы қарсы дауыс берген.

"Мен Венгрия парламентінің Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау туралы дауыс беруін құптаймын. Енді барлық одақтастар бұл шешімді мақұлдағанда, Швеция НАТО-ның 32-ші одақтасы болады. Швецияның мүшелігі бәрімізді күштірек және қауіпсіз етеді", – деді Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның "Фидес" билеуші партиясы Швецияның Одаққа қосылуына көптен бері кедергі келтірді. Оның өтінішін өткен айда Түркия парламенті ратификациялады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу