Венгрия премьер-министрі Еуропалық Одақты Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға шақырды

535

Венгрия Үкімет басшысы ЕО-ны Ресейге қарсы саясат үшін үнемі сынға алады. 

Венгрия премьер-министрі Еуропалық Одақты Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға шақырды

Егер Ресейден санкциялар алынып тасталса, Еуропада бағалар мен инфляция бірден төмендейді, ал оның экономикасы қалпына келіп, рецессияняң алдын алуға мүмкіндік туады, деді Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан.

"Егер санкциялар алынып тасталса, бағалар бірден екі есе төмендейді, сәйкесінше инфляция да төмендейді. Санкцияларсыз Еуропа экономикасы қалпына келіп, жақындап келе жатқан рецессияның алдын алады", – деді В.Орбан.

Венгрия премьер-министрі экономикалық проблемалардың, энергетикалық дағдарыстың және инфляцияның бірден-бір себебі санкциялар екенін тағы да атап өтті.

"Бұл санкциялар Брюссельде жаздың басында енгізілген кезде, оның салдары еуропалықтарға емес, Ресейге соққы береді деп уәде берілген. Ал қазір санкциялар Ресейге қарағанда Еуропаға көбірек зиян тигізіп жатқанын көріп отырмыз. О баста біз бұлай келіспеген едік", – деді ол.

Орбан билеуші коалиция мүшелерін "Еуропа жыл соңына дейін бұл санкцияларды алып тастауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға" шақырды.

Венгрия премьер-министрі ЕО-ны Ресейге қарсы саясат үшін үнемі сынға алады. Ол Ресейге қарсы мыңдаған санкциялар қолданылғанымен, зардап шегіп жатқан Мәске жоқ екенін, қайта Еуропа төрт үкіметтен айырылып, терең экономикалық және саяси дағдарысқа кіргенін атап өтті.

Орбанның пікірінше, Еуропалық Одақ елдері Украинадағы қақтығыста делдал болу мүмкіндігін әлдеқашан жіберіп алды, өйткені олар Минск келісімдерінің орындалуын қамтамасыз ете алмады.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу