Венгрия ресейліктерге қарсы визалық санкциялар енгізбейді

546

Бұған дейін Литва ресейліктерге берілген Шенген визаларының күшін жоюды ұсынған болатын.

Венгрия ресейліктерге қарсы визалық санкциялар енгізбейді

Венгрия ресейліктерге қарсы визалық санкциялар енгізбейді және туристік шектеу жарияламайды. Билік бұл мәселе бойынша Германия канцлері Олаф Шольцтың ұстанымын қолдайтынын растады. Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сийярто өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында осындай мәлімдеме жасады.

Ол энергетика саласында Ресейге қарсы салынып жатқан санкцияларға қарсы екенін білдірді.

Сийяртоның айтуынша, Венгрия мұнай мен газды басқа елдерден жеткізу жағын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бұл ел тіпті санкция туралы келіссөз жүргізуден бас тартып отыр.

"Сонымен қатар біз Ресей азаматтарына қарсы еуропалық виза беруді қатаңдату туралы ұсынысты талқыладық. Біз Германия канцлерінің ұстанымын қолдаймыз, ешқандай шектеу енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз", – деді Сийярто.

Бұған дейін Литва ресейліктерге берілген Шенген визаларының күшін жоюды ұсынған болатын. Ал Финляндия үкіметі Ресей азаматтарына виза беруді 90 пайызға қысқартатынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу