Венгрия санкцияларды тоқтатып, Ресеймен келіссөз жүргізуге шақырды

533

Бұған дейін Еуропалық Одақ ресми түрде Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін енгізді.

Венгрия санкцияларды тоқтатып, Ресеймен келіссөз жүргізуге шақырды

Еуропалық Одақ Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты оған санкциялар салуды тоқтатып, оның орнына атысты тоқтатуды және келіссөздерді бастауды талап етуі керек. Венгрия премьер-министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Балаж Орбан осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның пікірінше, Еуропа экономикалық проблемаларға тап болуы мүмкін. ЕО неғұрлым көп санкция енгізсе, соғұрлым одақтың өзіне зиян келіп, Ресей қиындықты еңсеріп шығады деген пікірде Орбан.

"Иә, олардың жағдайы мүшкіл, бірақ олар аман қалады. Ең жаманы, Ресей Украинадағы әрекетін жалғастыруда", – деді Орбан.

Бұған дейін Еуропалық Одақ ресми түрде Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін енгізді. Жаңа санкциялар пакетіндегі негізгі шектеу – Ресейден жеткізілетін мұнайға ішінара эмбарго енгізілуі. Жоспар бойынша Еуроодақ ресейлік мұнайдан алты ай ішінде, мұнай өнімдерінен сегіз ай ішінде толықтай бас тартады.

Табиғат Нұрболат

Фото: hungarytoday.hu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу