Венгрия үкіметі қазақстандықтарға оқу грантын бөлді

576

Мажарстан қазақстандықтарға "Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасы аясында 250 білім беру грантын ұсынды. Бұл туралы inbusiness.kz Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.  

Венгрия үкіметі қазақстандықтарға оқу грантын бөлді Фото: tengrinews.kz

Мажарстанда тегін оқу конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы жылғы 12 желтоқсанда басталып, 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да қабылданады.

"Биыл үкіметаралық келісімдер шеңберінде бөлінген гранттар бойынша конкурстық іріктеудің ережелері жетілдірілді. Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен конкурстық іріктеуде ауылдық жерлерден үміткерлер үшін артықшылықтар енгізілді. Сонымен бірге үкіметаралық гранттардың түлектері үшін еңбекпен өтеу мерзімі үш жылдан бір жылға дейін қысқартылды", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

"Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынып отыр:

• бакалавриат 110 орын;

• магистратура 90 орын;

• бакалавриат+магистратура 30 орын;

• докторантура 20 орын.

Грант мажар тілі курстарынан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді.

Оқу ағылшын және мажар тілдерінде өтеді. Мажар тілін білмейтін қазақстандықтар үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Конкурсқа қатысу үшін негізгі критерийлер:

- Бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - аттестат орташа балының немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің және ағымдағы оқу жылы бойынша ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы диплом орташа баллының 5.0-тен 4.0 балына сәйкестігі;

- Магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман/дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы таранскриптің орташа баллының 4.0-тен 3.0 балына сәйкестігі;

- Доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломы немесе ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипттің орташа балының 4.0-тен 3.0 балына сәйкестігі;

- Ағылшын тілінде оқу үшін кемінде IELTS 9.0-дан 5.5, TOEFL 120-дан 46 деңгейдегі қолданыстағы сертификаттар болу тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу