Венгрия Украина үшін күтпеген қадамға барды

Ел 90 миллиард еуро көлеміндегі қаржыны босатуға келісім берді.  

Венгрия Украина үшін күтпеген қадамға барды Фото: profile.ru

Венгрия бірнеше ай бойы Украинаға арналған Еуроодақтың көпмиллиардтық көмек пакетін бұғаттап келген еді, деп хабарлайды inbusiness сайты.

Енді олар өз шешімін өзгертіп отыр. 

Ел үкіметі Брюссельде ЕО-ның Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде несие беруін қолдады. Бұл туралы бірнеше дипломат мәлім еткен. 

Сонымен қатар, Венгрия Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетіне де келісім берді. Ресми рәсімдер 23 сәуірде аяқталады деп күтілуде.

Виктор Орбан мен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо бұған дейін қатаң ұстанымда болғаны белгілі. Наурыз айының соңында өткен ЕО мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының кездесуінде Венгрия мен Словакия басқа елдердің қысымына қарамастан Украинаға несие бөлу туралы шешімді бұғаттаған еді.

Орбан мен Фицоны вето құқығынан бас тартуға көндіру үшін Украина "Достық" (Дружба) мұнай құбырының жұмысын қайта жандандырды. Бұл құбыр арқылы Ресей мұнайы Украина аумағы арқылы Венгрия мен

Словакияға жеткізіледі. Егер Ресей мұнайын жеткізу тоқтаса, 90 миллиард еуро көлеміндегі пакет жүзеге аспай қалуы мүмкін.

Орбан Украинаны саяси себептермен Ресей мұнайын жеткізуді шектеді деп айыптап, ЕО-ның жаңа көмегіне келісімін құбыр жұмысының қайта жандануымен байланыстырды. Ал Киев билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, құбырдың ресейлік әуе соққыларынан кейін жөндеуді қажет еткенін мәлімдеді.

Еуроодақ бөлген қаражаттың 60 миллиард еуросы Украина қорғанысына жұмсалмақ. Оның жартысы биыл төленеді, ал тағы 45 миллиард еуроны ел келесі жылы алуы мүмкін. Украина бұл қаржыны тек соғыс аяқталғаннан кейін Ресей келтірілген шығынды өтеген жағдайда ғана қайтаруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу