Венгрия Еуропалық Одаққа ресейлік активтерді бұғаттауды әр алты ай сайын ұзартудың орнына бірден үш жылға тыйым салуға рұқсат бермеді және Украинаға 35 миллиард еуро несие беру мүмкіндігіне кедергі жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Еурокомиссия басшысы мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Украинаға берілген несие батыс қаржы институттарының шоттарында бұғатталған ресейлік активтерден пайыздар есебінен қамтамасыз етілуі керек еді, алайда Еуропалық Одаққа мүше елдердің ұстанымына (бір ғана елдің қарсы шығуы жеткілікті – ред.) байланысты жоба іске аспауы әбден мүмкін.
Венгрияның Қаржы министрі Михай Варга Венгрияның ұстанымын АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесін күту ниетімен түсіндірді.
"Ресейге қарсы санкцияларды ұзарту мәселесі, біздің ойымызша, АҚШ-тағы сайлаудан кейін шешілуі керек. Біз болашақ АҚШ әкімшілігінің бұл мәселеде қандай бағыт таңдайтынын көруіміз керек. Проблеманы шешудің екі жолы бар: бірі бейбітшілік болса, екіншісі – соғыс", – деді Варга Люксембургтегі министрлер кездесуінің соңында.
Еуроодақтың қалған елдері ресейлік активтерге тыйым салу мерзімін ұзартуды және Украинаға несие беруді қолдады.