Венгрия Украинаға 50 млрд еуро бөлуге шектеу қойды

428

ЕО елдерінің басшылары мұндай қаражатты одақтың бюджеттік жоспарына енгізу бойынша бір байламға келе алмады.  

Венгрия Украинаға 50 млрд еуро бөлуге шектеу қойды Фото: Anadolu агенттігі

Венгрия Еуропалық Одақ саммитінде Украинаға 50 миллиард еуро көлемінде экономикалық көмек бөлу туралы шешімге шектеу қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Отырыстың нәтижесі: Украинаға қосымша қаражат бөлуге вето қойдық. Біз келесі жылы Еуропалық кеңесте осы мәселені қайта қарастырамыз. Оған дейін дайындаламыз", – деп жазды Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан X әлеуметтік желісінде.

Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишель ЕО елдерінің басшылары мұндай қаражатты одақтың бюджеттік жоспарына енгізу бойынша бір байламға келе алмағанын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу