Венгрияда гандболдан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды

934

Венгрияның Дьор қаласында гандболдан әйелдер командасы арасында Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп жазады Olympic.kz.   

 Венгрияда гандболдан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды

Бұл сында Қазақстан командасы екінші топта өнер көрсетіп, барлық матчтарда жеңіліс тапты. 

Алдымен қазақстандықтар Венгрия құрамасынан 19:46 есебімен жеңілсе, кейін Рио Олимпиадасының чемпиондары Ресей командасына 26:33 есебімен жол берді. 

Топтағы үшінші кездесуде қазақстандықтар Сербиядан 30:42 есебімен ұтылды. 

Осылайша, алты ұпай жинаған ресейліктер Олимпиадаға жолдама алды. Венгрия 4 ұпаймен екінші, Сербия 2 ұпаймен үшінші орында. 

Өкінішке қарай, қазақстандықтар бірде бір ұпай иеленген жоқ.   
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу