Венгрияда өтіп жатқан турнирде үш боксшы келесі айналымға шықты

568

15 қаңтарда басталған турнир жексенбі күні аяқталады. 

Венгрияда өтіп жатқан турнирде үш боксшы келесі айналымға шықты Фото: prosports.kz

Ұлттық құраманың үш боксшысы Венгрияда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы 1bol.kz жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Турнирде қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шыққан болатын. Олардың үшеуі келесі айналымға өтсе, біреуі жеңіліп, жарысты аяқтады.

Мәселен, 54 келідегі Кенже Мұратұлы қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты келесі кезеңге жолдама алса, 57 келідегі Асылжан Серікбай украиналық Олег Чулячеевтен мықты екенін көрсетті. Ал 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов те жеңіске жетіп, келесі айналымға шықты. Оның венгриялық қарсыласы екінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.

Сондай-ақ, 92 келідегі Данияр Рахымбердинов Венгрия боксшысы Левенте Кистен ұтылған.

Бұған дейін 60 келідегі Бейбарыс Жексен моңғолиялық қарсыласынан, 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов пен 71 келідегі Сабыржан Аққалықов Венгрия боксшыларынан басым түскен болатын.

75 келіде Диас Молжігітов есе жіберіп, өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Бұл сынға Қазақстаннан 14 боксшы аттаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу