Венгрияда Украинаның жаңалық тарататын 12 сайты бұғатталды

607

Будапешт Киевке қарымта жауап қайтарып отыр. 

Венгрияда Украинаның жаңалық тарататын 12 сайты бұғатталды Фото: Антимафия

Венгрия ел аумағында Украинадағы ақпарат тарататын 12 порталына кіруді бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның кеңсе басшысы Гергей Гуйяш мәлім етті. 

Саясаткер Киевті Венгрияның ресейшіл интернет-ресурстарын бұғаттады деп айыптады. Олардың арасында origo.hu жаңалықтар сайты да бар. Бұл порталда Ресейге қарсы еуропалық санкцияларға, Украинаға әскери көмек беруге қатысты сын айтылған болатын. Гуйяштың айтуынша, Украинада венгр сайттарының бұғатталуына Сорос қорына бағытталған сыни пікірлер де себеп.

"Көпшілігі "Украинская правда" газетін оқиды немесе оқығысы келеді деп ойламаймын. Алайда кез келген егемен ел негізсіз шабуылға дұрыс жауап беруі тиіс", – деп жазды Гергей Гуйяш.

"ТСН – Новини Украïни", Hromadske, "Украинская правда", "Европейская правда", Oboz.ua, Nv.ua және т.б. сайттар бұғатталды.

Өткен айда Украина бірнеше шетелдік сайттарға, соның ішінде Венгрияның Origo мен Demokrata порталдарына тыйым салған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу