Венгриядағы турнирдің жартылай финалына өткен боксшылар анықталды

865

Жартылай финал бәсекелері 6 ақпанда, финалдық жекпе-жектер 7 ақпанда ұйымдастырылмақ.   

Венгриядағы турнирдің жартылай финалына өткен боксшылар анықталды

Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан "Иштван Бошкай" мемориалында жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

52 келіде сынға түскен Махмұд Сабырхан испаниялық Мартин Молинаны ұтып, 1/2 айналымға өтті. Сондай-ақ, Айдос Арапов ширек финалда Италия өкілі Джанлука Руссоны жеңді. 

69 келідегі Талғат Шайкен тағы бір италиялық спортшы Джанлука Маланьиді ұтты. Ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар да турнирдің жартылай финалында жұдырықтасады. 81 келідегі Нұрбек Оралбай ресейлік Расул Алиевтен,  91 келідегі Айбек Оралбай испаниялық Эмануэель Рейестен басым түсті. 

Ал аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай австриялық боксшыны жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Жартылай финал бәсекелері 6 ақпанда, финалдық жекпе-жектер 7 ақпанда ұйымдастырылмақ.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу