Венгриялықтар маска тағуға міндеттелмейді

873

Бұған дейін АҚШ билігі вакцинацияланған азаматтарға бетперде кимей, әлеуметтік қашықтықты сақтамауға рұқсат берген еді. 

Венгриялықтар маска тағуға міндеттелмейді

Венгрия билігі қоғамдық орындарда міндетті түрде бетперде кию режимін тоқтатады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Венгрия премьер-министрінің айтуынша, вакцина ектіргендердің саны 5 миллионға жеткен. Осы орайда үкімет шектеулердің басым бөлігін алып тастамақ. Нақтырақ айтқанда, елде коменданттық сағат тоқтатылады, қонақ саны 200-ден аспайтын үйлену тойларын өткізуге рұқсат етіледі. Ескере кететін жайт, елдегі халық саны 9,7 млн төңірегінде. Венгрия індетті тежеу үшін алты вакцинаны қолданысқа енгізген. 

Ресми дерек бойынша, бұл елде вирус жұқтырғандардың саны 800 мыңнан асып, оның 656 мыңы аурудан жазылған. Қайтыс болғандардың саны 29 мыңнан асты. 

Бұған дейін АҚШ билігі вакцинацияланған азаматтарға бетперде кимей, әлеуметтік қашықтықты сақтамауға рұқсат берген еді. Бірақ федералды заң немесе жергілікті бизнес ережелері талап етсе, тұрғындар маска киюге тиіс. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу