Verizon Yahoo мен AOL-ды 5 миллиард долларға сатады

656

Оларды енді Apollo Global Management басқарады. 

Verizon Yahoo мен AOL-ды 5 миллиард долларға сатады

АҚШ-тың ең ірі байланыс операторларының бірі Verizon холдингінің медиа бөліміне кіретін Yahoo және AOL компанияларын Apollo Global Management басқарушы компаниясына 5 миллиард долларға сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Verizon корпорациясы 2015-2017 жылдар аралығында бірқатар келіссөздер жүргізіп, Yahoo мен AOL-ды 9 млрд долларға сатып алған болатын. Бұлар Amazon, Facebook және Google сияқты алыптардың нарықтағы үстемдігі жағдайында жарнама берушілер үшін баламалы алаң болуға тиіс еді. Алайда жоспар жүзеге аспай, 2018 жылы Verizon медиа холдингтің қарызын корпорацияның басқа бөлімшелерінің есебінен төлеуге мәжбүр болды.

Verizon мен Apollo Global Management арасындағы келіссөздер 2021 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.Келісім шарттарына сәйкес, Apollo Global Management Verizon-ға 4,25 миллиард доллар төлейді, ал қалған соманы активтер ретінде өтеді.

Verizon акциялары медиа-бөлімді сату туралы жаңалықтардан кейін 0,42%-ға өсті.

Табиғат Нұрболат 

Фото: computerworld.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу