Ветеринария жүйесі реформаланады

746

Бұл туралы Жамбыл облысында өткен қазақстандық малшылардың слетінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп жазады inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ветеринария жүйесі реформаланады

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ветеринария жүйесі реформаланатын болады. Мемлекеттік функциялардың бір бөлігін бәсекелі ортаға беру жоспарлануда, бұл осы салаға жеке инвестициялардың келуін және бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етеді", – деді АШМ басшысы.

Министр ветеринариялық қызметтің жұмысын цифрлық форматқа ауыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Айтуынша, бұл ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік шараларының қадағалануын және мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Сонымен бірге министрлік ветеринария кадрларын даярлау және ветеринарлардың жалақысын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу