"Ветеринарияға қызығушылық жоқ": Былтыр 574 грант игерілмеді

587

Былтыр ветеринария саласында кадрларды даярлауға бөлінген гранттың жартысы игерілмеді.

"Ветеринарияға қызығушылық жоқ": Былтыр 574 грант игерілмеді Фото: egemen.kz

Тиісті ақпаратты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ Білім басқармасының бас менеджері Бақыт Насырханова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл сайын 825 грант бөлінген. Былтырдан бері 925 грант бөлінді. Ауыл квотасы 5 пайызға артты. Дегенмен, көкейтесті мәселе де бар. Мысалы, мамандар жұмыс істеуге барады, алайда уақыт өте сол жерден кетіп жатады. Оған инфрақұрылымның болмауы себеп болып отыр. Осылайша мемлекеттік тапсырыста оқығандарға грант ақшасын қайтаруға тура келеді. Шаруашылықтардың көбі жеке меншікте. Олар өз кезегінде таныстарын жұмысқа алады. Ветеринария бойынша бөлінген 925 гранттың 574-і игерілмеді. Неге десеңіз, ветеринарияға қызығушылық жоқ", - деді спикер. 

Бақыт Насырханованың сөзінше, жергілікті атқарушы органдар бұл бағытта тиімді жұмыс істеу қажет. 

"Бұдан басқа "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы өте нашар жұмыс істеуде. Бұл бағдарламаны өзектендіру қажет", - деп атап өтті "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ Білім басқармасының бас менеджері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу