Ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған ерлі-зайыптылар сотқа берілді

107

Қылмыстық іс Әулиекөл аудандық сотына жолданды.  

Ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған ерлі-зайыптылар сотқа берілді Фото: kotodog.kz

Қостанай облысының прокуратурасы Әулиекөл ауданында ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасап, оларды сатқан ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың тамызына дейін өз үйлерінде түрлі-түсті принтер арқылы мал мен ет өнімдерін тасымалдауға рұқсат беретін 1-нысанды ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасап, оны ақшалай сыйақыға сатқан.

Аталған әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігіне сәйкес сараланған. Бұл – алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған ресми құжатты қолдан жасау және өткізу.

Баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Іс бойынша шешімді енді сот шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу