Ветеринариялық құжатсыз 60 бас ірі қараны Қазақстанға кіргізбек болғандардың жолы кесілді

162

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті "Сырым" ветеринариялық бақылау-өткізу пунктінде 60 бас ірі қараны ветеринариялық құжатсыз ел аумағына кіргізу әрекетін тоқтатты.    

Ветеринариялық құжатсыз 60 бас ірі қараны Қазақстанға кіргізбек болғандардың жолы кесілді Фото: gov.kz

Анықталған құқықбұзушылықтарға байланысты көлік Қазақстан аумағынан кері қайтарылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресей Федерациясынан (Дағыстан Республикасы) және Өзбекстан Республикасынан келе жатқан жүк көлігін тексеру барысында Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану талаптарына сәйкес келмейтін заңбұзушылықтар анықталды.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері ЕАЭО елдерімен шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінде жануарлар мен жануар тектес өнімдерді тасымалдау кезінде ветеринариялық талаптар 261 рет бұзылған. 127 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 6,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлар мен жануар өнімдерін ел аумағына кіргізу кезінде ветеринариялық талаптарды қатаң сақтау қажет екенін еске салады.

Заң талаптарының сақталмауы биологиялық қауіпсіздікке қатер төндіріп, жануарлар мен адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу