Жамбыл облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, биылғы жылы облыста құны 16 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылмақ. Олардың арасындағы ең ірісі ветеринариялық вакциналар зауытының құрылысы. Кәсіпорын жануарларға арналған вакциналарды сауықтыру, даигностика және жануралар арасындағы ауруларды емдеу мақсатында GMP және GLP стандарттары бойынша шығарады. Сондай-ақ құны 2 млрд теңге болатын биокомбинат Қордай ауданында пайда болады.
Алғашқы жылы зауыттың жобалық құны жылына 25 млн доза вакцинаны құрайды. Болашақта кәсіпорынның қуатын 3 есеге арттыру жоспарланып отыр.
Зауыттың құрылысымен "BioVetKZ" ЖШС айналысуда. Аталмыш серіктестіктің басты қызметі ветеринария саласындағы дәрілік препараттарды шығару. Компания вакцияналардың 11 түрін шығармақ.
"Жамбыл облысы жыл сайын ауыл шаруашылығы саласындағы жануарларға арналған вакциналарды сатып алуға мол көлемде қаржы жұмсайды",-деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сатып алынатын вакциналар бруцеллез, сібір жарасы, аусыл сияқты көп тараған аурулардан қорғайды. Болашақта вакциналарды сату нарығын кеңейтіп, Орталық Азия, Қытай мен Түркияны да қамту жоспарда бар.