Ветеринарияны дамытпай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес – Президент

696

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Ветеринарияны дамытпай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес – Президент

"Ветеринария саласын да жетілдіру қажет. Бұл салада орталық пен өңірлер арасында міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Бұл салада жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс. Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау әрі оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шараларына байланысты Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу