Ветеринарлар қағазбастылықтан құтылады

1066

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ветеринария жүйесі қалай реформаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ветеринарлар қағазбастылықтан құтылады

"Біріншіден, мемлекеттік монополия функцияларының бір бөлігін бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр. Бұл осы салаға жеке капиталдың келуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, ветеринариялық қызмет жұмысы цифрлық форматқа көшіріледі. Осы арқылы бір жағынан эпизоотиялық ахуалдың қадағалануы мен мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Екінші жағынан цифрландыру ветеринар мамандарды қағазбастылықтан босатып, негізгі функцияларын орындауға мүмкіндік береді", – деді Ербол Қарашөкеев. 

Министрдің сөзінше, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі арасындағы өкілеттік бөлінеді. 

"Ветеринарлардың жалақысын көтеру мәселесін шешу жоспарланып отыр. Бұл бастамаларды іске асыру үшін ветеринария саласындағы заңнамаға өзгеріс пен толықтыру әзірленеді", – деді Ербол Қарашөкеев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу