Ветеринарларға жол полициясы тәрізді планшеттер берілетін болды

631

"Шалғай аудандардағы фермерлердің жүйеде тіпті интернетсіз де жұмыс істеуіне мүмкіндік бар", – деп сендіреді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. 

Ветеринарларға жол полициясы тәрізді планшеттер берілетін болды

Жол полициясы қызметкерлеріне берілгендей, барлық ветеринарлық қызметкерлерге планшеттер берілетін болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап Субсидиялаудың жүйесі іске қосылды. Мұнда фермерлерге қажетті мемлекеттік қолдау жөніндегі барлық ақпарат жиналған, бұл фермерлерге шығындарды 30 пайызға қысқартуға, жалпы құжаттармен әуре-сарсаңды қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің мобильдік қосымшасы" құрылды.

Жалпы Үкімет мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқартуды мақсат етіп отыр.

Бағдат Мусиннің сөзіне қарағанда "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге де планшеттер таратылып жатыр. Алдағы уақытта 450 планшет қосымша берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу