Ветеринарлық қызметке жиі жүгінетіндер Астана мен Жамбыл облысында тұрады - статистика

624

Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілген.    

Ветеринарлық қызметке жиі жүгінетіндер Астана мен Жамбыл облысында тұрады - статистика Фото: elorda.info

Биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстанда ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызметтер көлемі 33 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 13 млрд теңгеге көрсетілген.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі елордада көрсетілген. Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, айтарлықтай көлем Жамбыл (2,7 млрд теңге), Түркістан (2,4 млрд теңге) және Ақмола облыстарында (2,3 млрд теңге) тіркелді.

Ветеринария саласындағы қызмет көлемі Ұлытау облысында ең аз - 362 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу