VetMobile қосымшасы: Пилоттық жоба ретінде екі өңірде жұмыс істеп тұр

565

Қосымша бюрократиялық кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді дейді министрлік. 

VetMobile қосымшасы: Пилоттық жоба ретінде екі өңірде жұмыс істеп тұр Фото: Malbazar.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ветеринарларға арналған VetMobile қосымшасы туралы мәлімет берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Мал шаруашылығында біраз нәтижелер болып жатыр. Мәліметтердің барлығын бір базаға енгізіп, дерекқор жүйесін құрдық. Жануардың туғанынан бастап ветеринардың жүргізетін профилактикалық шаралары, вакцина енгізу, жем-шөп қабылдау туралы мәліметті ақпараттық жүйеге салып отырған. Қазіргі таңда цифрландырудың басқа кезеңіне де көштік. Ветеринар дәрігер бұл ақпараттық жүйеге қосылған, оған атқарылған жұмысты енгізіп отырады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, аталмыш ақпараттық жүйенің аясында мобильді қосымша әзірленген.

"Қосымша VetMobile деп аталады. Республикамыздағы мемлекеттік ветеринар мамандардың барлығына осы мобильді нұсқа жұмыс ретінде планшетпен енгізілетін болады. Алдыңғы жылдың желтоқсанынан бастап бұл мобильді жүйе іске қосылып, БҚО-да пилоттық жоба ретінде жұмыс істеп бастады. Бүгінде пилоттық жоба ретінде Түркістан облысында да іске қосылды. Өңірлердің барлығы да осы талапқа сай, керекті жабдықтарды, планшеттерді сатып алу жұмыстары басталып кетті. Оның негізгі ерекшелігі – жануардың туған кезінен бастап түрлі шаралардың барлығының онлайн түрде жүйеге түсіп отыруы. Екіншіден, ветеринар маманда бұрынғыдай құжаттардың барлығын шығарып, оны қолмен толтырып, қайтадан ақпараттық жүйеге салуына қажеттілік туындамайды", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.

Вице-министрдің сөзінше, мобильді қосымша интернет жоқ жерде де жұмыс істей береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу