Вьетнам экономикасына коронавирустан 1,8 млрд доллар шығын келеді

908

Ал індет бірінші тоқсанның соңына дейін басылса, 777 млн доллар бөлінуі ықтимал.

Вьетнам экономикасына коронавирустан 1,8 млрд доллар шығын келеді

Вьетнам үкіметі қазір әлемнің үрейін ұшырып отырған жаңа коронавирус (Covid-19) эпидемиясының салдарымен күреске 42,3 трлн донг немесе 1,82 млрд доллар көлемінде қаржы керек деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы VnExpress басылымы хабарлады. 

Елдің жоспарлау және инвестициялар министрлігінің құжатында көрсетілгендей, бұл сома дерттің өршуі екінші тоқсанға ұласқан жағдайда ғана жаратылады. Ал бірінші тоқсанның соңына дейін басылса, тек 777 млн доллар бөлінуі мүмкін. 

Жаңа коронавирус Вьетнамның негізгі табыс көздеріне кесірін тигізіп отыр, оның ішінде өндіріс пен тұтыну секторы, импорт пен экспорт және шикі мұнай саласына да әсер етуде. Сондай-ақ елдің туризм, көлік пен ауыл шаруашылығы тауарларының саудасы да зардап шегіп отыр. 

Қытайдың мемлекеттік CGTN басылымының соңғы дерегіне сүйенсек, вирусты 74675 қытайлық, 929 шетелдік жұқтырған. Ал қаза болған қытайлықтардың саны 2121-ге, шетелдіктердің саны 7-ге жеткен. 16155 адам тиісті ем қабылдап, ауруханадан шығарылыпты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу