18 тамыздан бастап Вьетнам Азияның бірнеше еліне бағытталған халықаралық рейстерді ашады. Бұл туралы Associated Press агенттігі Вьетнам үкіметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ресми дерек бойынша, апта сайын Ханой мен Хошимин қалаларынан Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай елдеріне ұшақтар жөнелтіледі. Келесі аптада Камбоджа мен Лаос бағытындағы рейстер жүзеге асырыла бастайды.Жергілік биліктің айтуынша, ұшу құқығы Вьетнам азаматтарына, дипломаттарға, білікті мамандарға, инвесторларға беріледі.
Тағы бір жайт, бұған дейін пандемияға қарамастан ел билігі онлайн оқудан бас тартқан еді. Қазір 23 миллион вьетнамдық оқушы мектепке барып, әдеттегі режим бойынша оқуын жалғастырып жатыр.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны 1063-ке жетіп, оның 35-і көз жұмған.
Табиғат Нұрболат
Фото: bangkokpost.com