Вьетнам Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

585

Вьетнамдық парламентшілер гуманитарлық көмек ретінде жіберген жеке қорғаныс құралдары Атырау облысындағы медициналық мекемелерге беріледі.

Вьетнам Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

ҚР Парламенті басшылығының келісімі бойынша Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысы (Вьетнам Парламенті) елімізге гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

"Вьетнамдық парламентшілер гуманитарлық көмек ретінде жіберген жеке қорғаныс құралдары Атырау облысындағы медициналық мекемелерге жіберілді. Аймақтағы медициналық ұйымдарға уақтылы жеткізу және таратуды Мәжіліс пен Сенат депутаттары бақылауына алды",– деп жазылған хабарламада.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу