Вьетнам мен Қытайда сынап бағасы 44 градустан асты

528

Жергілікті билік өрт қаупімен күресудің түрлі амалына жүгініп жатыр.

Вьетнам мен Қытайда сынап бағасы 44 градустан асты Фото: bbc.com

Вьетнамда күн қызып тұр. Ел астанасы Ханойда сынап бағанасы 44 градусқа жетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі.

Аптапта әбігерге түскен жұрт кондиционерлер мен желдеткіштерді үнемі қосып отыруға мәжбүр. Жергілікті билік көшелердегі шамдарды өшіріп, кезек-кезекпен аудандарды тоқтан ажыратып жүр. Тоңазытқыштар істен шыққан соң, жергілікті кәсіпкерлер азық-түлік пен тағам бүлініп жатқанын айтады.

Қытайдың оңтүстігі мен шығысында да дәл осы жағдай. Осы өңірлердің басым бөлігінде ауа температурасы 40 градустан асып кетті. Метереология агенттігінің болжамынша, алдағы бірнеше аптада да аптап ыстық тұрады. Тұрғындар кондиционерлерді үнемі қосып тұратындықтан, электр энергияны тұтыну күрт өсті. Осының салдарынан Қытайдың оңтүстік энергожүйесі өз қуатының шегіне жетті.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу