Вьетнамда Азияның 12 құрамасы робот құрастырудан жарысты

1115

Азияның үздік 12 құрамасы Нинбин қаласында жүлделі орындарға таласты. 

Вьетнамда Азияның 12 құрамасы робот құрастырудан жарысты

Қазақстандық құлтемірлер Вьетнамда доп ойнады. Отандық команда "ABU Robocon 2018" робототехника байқауына қатысты, деп хабарлайды 24.kz.

Азияның үздік 12 құрамасы Нинбин қаласында жүлделі орындарға таласты. 

Қазақстандық студенттер аренаға шығуға дайын. Алюминий қаңқадан, электроқозғалтқыштан, миркожүйеден және пластикалық шөлмектерден құрастырылған механизмнің құны 10 мың доллар және 2 жарым ай уақыт.  Осындай екі механизм байқау ұйымдастырушылары қойған тапсырмаларды орындауы керек. Шарт дәстүрлі вьетнам ойынына негізделген. Ойын ережесіне сәйкес, құлтемір қарсылас роботқа доп жеткізуі тиіс. Екіншісі допты шығыршыққа түсіруі қажет. Бұл адамдарға оңайға соқпағанымен, роботтар үшін күнделікті жаттығу іспетті. Ал Қазақстан туы "ABU Robocon 20180" қатысушыларына бұрыннан белгілі. Өйткені еліміз Орталық Азиядан байқауға қатысып жүрген жалғыз мемлекет. Байрақты бәсекеге Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына мүше елдердің техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттері ғана қатыса алады. Ал "Хабар" Агенттігінің аталған одаққа мүше болғанына биыл 20 жыл толып отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу