Вьетнамда ірі көлемде пара алған әйел өлім жазасына кесілді

179

Сотқа 2700 куәгер шақырылды. 

Вьетнамда ірі көлемде пара алған әйел өлім жазасына кесілді Фото: vnexpress.net

Вьетнамда $27 миллиард жымқырған миллионер әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті онлайн басылымға сілтеме беріп. 

"Van Thinh Phat" акцонерлік қоғамының төрағасы Труонг Ми Лан алаяқтық жолмен Сайгон коммерциялық банкіне (SCB) $27 миллиард шығын келтірген. Ол 11 жыл бойы банкті тонап келген. 

Хошимин қаласы халық сотының судьяларының дерегінше, 68 жастағы Ланға үш бап бойынша айып тағылған: парақорлық, банк ережелерін бұзу және ақша жымқыру. Кәсіпкерден SCB-ге өтемақы төлеу талап етілді. 

BBC-дің жазуынша, әдетте ым-жымын білдірмейтін елдің коммунистік билігі бұл жолы бұқаралық ақпарат құралдарына жағдайды ашық айтып отыр. Сот процесінде 2700 куәгер шақырылып, іске 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан. 

"Ол көптеген жеке тұлғалар арқылы SCB акцияларының 91,5% - ын жанама түрде иеленген, банк басшылығына "Van Thinh Phat" компанияларына несие беруді бұйырған. Ол SCB офицерлеріне жалған компанияларға қаржы аударуды тапсырған, содан кейін қолма-қол ақшамен алған. 2012 жылдан 2022 жылға дейін Лан және оның сыбайластары 2500 несие алып, банкке $44 млрд шығын келтірді. SCB-дегі құқық бұзушылықтарды жасыру үшін Лан өзінің қарамағындағыларға Вьетнам Мемлекеттік банкінің аудиторларына пара беруді бұйырды", - делінген желгілікті басылымның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу