Вьетнамда коменданттық сағат енгізіліп жатыр

1113

Хошимин тұрғындары аптасына тек екі рет азық-түлік сатып алу үшін үйден шыға алады.

Вьетнамда коменданттық сағат енгізіліп жатыр

Хошимин билігі індетті тежеу үшін коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Биліктің бұл қаулысы бойынша, 26 шілдеден бастап қала тұрғындарының көшеге шығуына және қаладағы барлық қызмет көрсету түрлеріне сағат 18:00 мен 06:00 аралығында тыйым салынады. Тек төтенше жағдай қызметінде жұмыс істейтіндерге ғана рұқсат етіледі. 

Қазіргі уақытта қала тұрғындары аптасына тек екі рет азық-түлік сатып алу үшін үйден шыға алады. Эпидемиологиялық ахуал нашар аудандардағы тұрғындарға үйден шығуға мүлдем болмайды, оларға азық-түлікті жергілікті билік өкілдері әкеліп береді. 
Қала басшылығы қоғамдық орындарда адамдардың жиналуына тыйым салды, қоғамдық көліктер мен сауда кәсіпорындарының жұмысын тоқтатты. Тек дәрі-дәрмек, азық-түлік пен қажетті тауарлар сатылатын орындар ғана жұмысын жалғастыруда. Сондай-ақ мейрамханалардың, дәмханалардың және тамақ жеткізу қызметтері де уақытша жабылды. 

Індет басталғалы Вьетнамда 98 мыңнан астам науқас тіркелген. Дерттен 400-ге тарта адам қаза тапты. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу