Вьетнамның орталық провинцияларында нөсер жаңбырлар мен су тасқыны салдарынан осы аптада 41 адам қаза тауып, тағы 9 адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Anadolu-ға сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және онымен күрес басқармасының мәліметінше, 9 адам әлі де жоғалғандар тізімінде тұр.
Зардап шеккен аймақтарда 52 мыңнан астам үй су астында қалды, мыңдаған гектар ауыл шаруашылық жерлері зақымданды, көп мөлшерде мал қырылды.
Билік аймаққа мыңдаған құтқарушы мен полиция қызметкерлерін жіберіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауды қамтамасыз етуде.