Вьетнам астанасы Ханойдағы тұрғын үйдегі өрттен кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz VnExpress жаңалықтар порталына сілтеме жасап.
"Жұма күні таңертең Ханойдағы Каудзяй ауданындағы екі блокты үйден өрт шығып, кем дегенде 14 адам қаза тапты", — делінген портал сайтында.
150 шаршы метрлік үй өртеніп кеткені атап өтілді: екі қабатты блокта үй иесінің отбасы тұрды, ал көршілес үш қабатты ғимаратта жалға берілетін 12 бөлме болды. Блоктардың арасында 55 шаршы метрлік жер учаскесі болды, онда электрлік велосипедтер сатылып, жөнделетін.
Бірнеше жарылыстар естілді. Өрттен жеті адам құтқарылды, дейді портал. Жергілікті биліктің мәлімдемесіне сәйкес, үш адам ауруханада жатыр.