Вьетнамда су тасқынынан 15 адам ажал құшып, 8 кісі із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Аssociated Press-ке сілтемемен 24.kz хабарлайды.
Табиғи апат қатты нөсер мен жауын-шашын салдарынан болып отыр. Елдің орталық және солтүстік аймағы су астында қалған. Жергілікті биліктің айтуынша, Нгеан провинциясында 8 адам апаттан қаза тапқан. Ал елдің солтүстігіндегі Йенбай елді мекенінде 3, Тханьхоа және Хоабинь провинциясында 4 адам қаза тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу