Вьетнамда су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны артты. Рейтер агенттігінің соңғы деректеріне сәйкес, 35 адам ажал құшты, Тағы 17 адам іс-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кету керек, өткен аптаның бейсебі күні "Сон-Тинь" тайфуны басталып, арты алапат жауынға ұласты. Қолайсыз ауа райынан елдің солтүстік бөлігі қатты зақымданды. Сондай-ақ бірқатар ауданда өзен суы арнасынан асып кетті. Салдарынан 5 мыңнан аса құрылыс нысаны қирап, 80 мың гектардан аса егіс алқабы зардап шекті. Билік апат салдарымен күрес жүргізу үшін 6 мыңнан астам әскери жұмылдырды. Ал синоптиктердің алдағы күндерге болжамы көңіл көншітпейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу