Вьетнамның орталық бөлігінде төрт оңтүстіккореялық турист қаза тапты. Су тасқыны салдарынан олар мінген автокөлікті шайып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz VNExpress порталына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, қайғылы жағдай танымал туристік Далат қаласында сейсенбіде болған. Туристер мінген джип арнасынан асып кеткен өзенді кесіп өтпек болған. Сол күні Далат қаласы орналасқан таулы Ладмонг провинциясында өзен суы үш күндік жаңбырдың салдарынан күрт көбейген.
"Туристердің денесі апат болған аймақтан бірнеше шақырым жерде ағыстың төменгі жағынан табылған", - деп жазады басылым.
Саяхатшылар Далат табиғатын тамашалау үшін бір күндік экскурсияға барған. Автокөлік тізгінінде вьетнамдық ер адам болған, ол аман қалған.