Вьетнамда су тасқыны құрбандарының саны артты, деп хабарлайды 24.kz.
Соңғы мәлімет бойынша, 54 адам ажал құшқан. Тағы 39 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткендер санатында. Табиғат апатынан әсіресе елдің солтүстігіндегі Хоабинь провинциясы қатты жапа шеккен. Сондықтан жергілікті билік мұнда төтенше жағдай тәртібін жариялады.
Айта кеткен жөн, топан суға толассыз жауған нөсер себеп болған. Соның кесірінен 30 мыңнан астам үй көлкіген су астында қалды. 200 құрылыс қираған. 5 мыңнан астам отбасы үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Ал билік эвакуациялау жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу