Вьетнамның солтүстік және орталық аудандарында "Сон-Тинх" тайфунының салдарынан болған су тасқындары мен лай көшкіндері кем дегенде 32 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АзерТадж агенттігі Вьетнам үкіметінің мәліметтеріне сүйеніп хабарлауынша, тағы 17 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
"Сон-Тинх" тайфуны өткен аптаның сейсенбісінде Оңтүстік Кореяда пайда болған еді. Екі күннен кейін Вьетнамға лап қойды. Көптеген аудандар қуатты нөсерлерден зардап шекті, олардың арасында ел астанасы - Ханой бар.
Топан су 5 мыңнан астам үй мен ғимаратты шайып кетті немесе қиратты. 82 мың гектарға жуық ауылшаруашылық жерлері су астында қалды.