1-4 қыркүйек аралығында Вьетнамда Ұлттық мереке күндері тойланды. Төрт күн ішінде елде 125 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 76 адам қаза тапты, тағы 95-і жарақаттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жол полициясының дерегінше, жол-көлік оқиғалары негізінен автомобиль және темір жолдарда орын алған. Теміржолдағы екі апат салдарынан үш адам қаза тапты.
Былтырғы жылмен салыстырғанда жолдағы оқиғалар саны биыл - 46-ға, қаза болғандар саны 28 адамға көп.
Ресми мәліметке сәйкес, Вьетнамда өткен жылы 11 400-ден астам апат орын алып, салдарынан 6 384 адам көз жұмды, 7 800-ден астамы зардап шекті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу