Оның кандидатурасын бейсенбіде елдің ұлттық Ассамблеясы бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мемлекет басшысы болып бекітілгеннен кейін Во Ван Тхыонг ант берді.
53 жастағы Во Ван Тхыонг кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Ол Вьетнамның саяси тарихындағы ең жас президент болды.
Елдің бұрынғы президенті Нгуен Суан Фук Мемлекет басшысы қызметінен кетіп, сонымен қатар 17 қаңтарда КПВ Орталық Комитеті мен саяси бюросының құрамынан шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу