Вьетнамдық әуе компания Qazaq Air-дың 38 млрд теңге қарызын жапты

798

Vietjet Air әуе компаниясы Қазақстан аумағында 50 әуе бортына жеткізуді жоспарлап отыр. 

Вьетнамдық әуе компания Qazaq Air-дың 38 млрд теңге қарызын жапты Фото: spot.uz

Көлік министрі Марат Қарабаев Qazaq Air әуе компаниясын шетелдік инвесторға сатудың оңтайлы тұстарын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Vietjet Air компаниясы қазірдің өзінде 184 бортқа ие және бұл компанияның бірнеше міндеті бар. Бірінші, "Qazaq Air" компаниясының 38 млрд теңге сомасындағы қарызы толығымен жабылды. Екінші, Қазақстанда тіркелетін қосымша 20 әуе рейсін іске қосады, тұтастай алғанда компания Қазақстан аумағында 50 әуе бортына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз 5 жыл ішінде Қазақстанда қосымша жаңа 50 борт келеді және инвестиция сомасы 5 млрд теңгеден кем болмайды. Салыстырсақ, нарықта 23 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан "Эйр Астана" әуе компаниясының 50 әуе борты бар", - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, вьетнамдық "VietJet Air" әуе компаниясы елімізде қосымша 4 мың жаңа жұмыс орнын ашады. 

"Сол сияқты ел ішінде ғана емес, халықаралық рейстер де болады. Сонымен қатар біз компаниямен, инвестормен әуежайларды ұсыну туралы мәселені талқылаймыз. Әуе борты 50-ге дейін ұлғаяды десек, оларды орналастыратын әуежай болуы керек. Біз бірнеше әуежайды қосымша инвестициялар салынатын шарттармен сенімгерлік басқаруды беру мәселесін қолға алмақпыз. VietJet Air компаниясы әуежайға негізделген хаб ғана емес, оны Қазақстанға жүктерді жеткізу және оның ішінде Қазақстан аумағында басқа елдерден жүктерді жинау орталығы ретінде пайдалануды және одан әрі оны Қазақстаннан тыс жерде тасымалдау жағында қарастырамыз. Компания Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысындағы және басқа әуежайларға қызығушылық танытуда. Бұл біздің келіссөздер ұстанымымыз, соңғы шешім қосымша хабарланады", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу