Вьетнамнан Астанаға жағдайы ауыр науқас медициналық рейспен шұғыл жеткізілді

160

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Вьетнамнан Астанаға жағдайы ауыр науқас медициналық рейспен шұғыл жеткізілді Фото: ДСМ

Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған пациент отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін ауыр жағдайда шұғыл жеткізілді.

Ведомствоның дерегінше, науқас Қазақстанға 14 қарашада жеткізілген.

– Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында бүкіл әуе сапары барысында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерулан Кундакбаев болды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу