VI ұлттық спорт фестивалі: "Қазанат" атшабарында ашылу салтанаты өтті

534

Биыл 11 спорт түрі бойынша 1 362 спортшы қатысып жатыр. 

VI ұлттық спорт фестивалі: "Қазанат" атшабарында ашылу салтанаты өтті Фото: gov.kz

Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестивалдің ашылу салтанаты өтті деп, хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорда іргесіндегі "Қазанат" атшабарында басталған додаға еліміздің барлық өңірінен 11 спорт түрі бойынша 1 362 спортшы қатысып жатыр. 

Ұлттық спорт фестивалі 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Төрт жылда бір өтетін ұлттық спорт додасында өңірлер асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен бақ сынайды.

Фестивальді 4-10 қыркүйек күндері мына мекенжайларда тамашалауға болады:

Қазақ күресі – Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы; 
асық ату мен тоғызқұмалақ – "Qazaqstan" ЖАСК;
жекпе-жек – "Аспан" спорт кешені.

Ал көкпар, бәйге, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік спорттары "Қазанат" ипподромында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің бағдарламасына биыл "дәстүрлі садақ ату" (жерде тұрып садақ ату) спорты тұңғыш рет қосылып отыр. Сонымен қатар, көкпардағы жекпе-жек аттардың жеке жарысы көрсетілім ретінде енеді.

Фестиваль қорытындысы бойынша, ұлттық спортты жоғары деңгейде дамытып отырған өңірлердің үздік үштігі анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу