Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өксінбаев осылай деп, болжамын жариялады. Қазір зейнетақы шотындағы салымның бір бөлігін алған жұрт қатары сейліп, дүрбелең басылған. Нарықтағы алыс-беріс те тұрақталып келеді. Ал негізгі қымбатшылық қаңтар-мен наурыз айында тіркелгені белгілі. Мәселен, қаңтар айында баспана бағасы жаңасы үшін 3,8%-ға өссе, екінші нарықтағы үйдің құны 7,2%-ға дейін шарықтаған. Ал маусымдағы жағдай бойынша бағаның құлдырауы 2 есеге жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу