Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет 20 психологиялық қолдау орталық ашылды. Министрлік тарапынан орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, штат кестесі, қызметкерлердің біліктілігіне және материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілді. Қазіргі күні орталықтардың кадрмен қамтылуы 68% деңгейінде", – деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Биыл психологиялық қолдау орталықтары тарапынан 240 мыңға жуық оқушы мен олардың отбасысына көмек көрсетілді.
"2024-2025 оқу жылының басынан білім ұйымдарына ДОСБОЛlike буллингке қарсы отандық бағдарлама және балалар арасында қауіпсіз мінез-құлық пен дағдыларды дамытуға бағытталған қауіпсіздік сабақтары енгізілді. Бұл жұмыстардың аясында балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде", – деді вице-министр.