Вице-министр елордада ең арзан сиыр еті сатылатын базарды атады

177

Ет сыртқы нарықтарға көбірек шығарылса, ішкі нарықта баға өседі.

Вице-министр елордада ең арзан сиыр еті сатылатын базарды атады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков мал басы көбейген сайын еттің көлемі де көбейетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз тек қана ішкі нарықта емес, сыртқы нарыққа да сату мүмкіндігіміз көбейеді деген сөз. Халық қымбат емес ет тұтыну керек, шаруалар пайда табу керек. Бірақ ол шаруалар да біздің халық қой. Біз оны да ойлауымыз керек. Қаңтардан бастап біздің көрші оңтүстік ағайындарымыз, яғни Өзбекстандағы халықтың жағдайы жақсарған сайын біздің етті көбірек тұтына бастады. Жақында Ташкентке екі рет барып-айттым. Етті қазақтан кем пісірмейді, яғни сұраныс жоғарылап жатыр. Одан басқа Тәжікстан, Ауғанстан да ет сұрап отыр. Қазір ауыл шаруашылығы министрлігі етті сату бойынша Қытаймен жұмыс жүргізіп жатыр", – деді вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ол ет сыртқы нарықтарға көбірек шығатын болса, ішкі нарықта баға көтерілетінін жеткізді. 

"Біздің министрлік Астана әкімдігімен бірлесіп, "Керуен жолы" базарында екі аптадан бері ет жәрмеңкесін өткізіп келеді. Кәсіпкерлер "шаруалар ет шығаруға тыйым салынғандықтан, еттерін сата алмай жатыр" деп бізге жүгінді. Базарға шықтық, олар келісті. Сол жерде ет сатып жатыр. Оның алдындағы базарда сиыр етін 3200 теңгеден сатты, ал осы базарда 3 мыңнан сатты. 

Жылқының етін 2500-2800 теңге аралығында сатты. Сенбі-жексенбі күндері "Керуен жолы" базарына барсаңыз, дәл осы шамада ет аласыз. Бірақ бір қызығы бірінші жәрмеңкеде 40 тонна ет әкелді, ал екіншісінде 150 тонна ет әкелді. Басында үш облыс боп келді, екінші жәрмеңкеде бес облыстан шаруалар келді", – деді Айдар Әбілдабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу