Вице-министр ең көп экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін атады

446

Қазір жаңа бағыттар пысықталып жатыр. 

Вице-министр ең көп экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін атады Фото: rail-news.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов экспорт көлемі бойынша алғашқы үштікке кіретін ауыл шаруашылығы өнімдерін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Экспорттағы негізгі үш өнім – бидай, күнбағыс майы және ұн. 

"Негізгі өткізу нарықтарына келсек, бұл – Орталық Азия елдері мен Ауғанстан. Сонымен қатар жемдік ұн бойынша Қытай тұр. Жаңа нарықтар бойынша ұн жеткізу бойынша Оңтүстік-Шығыс Азия бағытын пысықтап жатырмыз. Қазір логистикалық мәселелер қаралып жатыр. Сондай-ақ Еуроодақ елдеріне жеткізілім көлемін ұлғайтатын боламыз", – деді Азат Сұлтанов тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу