Вице-министр: Қазақстанға ресейлік бензин қажет болмай қалды

767

Сәйкесінше, зауыттар жаңғыртылғаннан соң, импорттық АИ-92 бензиніне қажеттілік мүлдем жоқ. Сондықтан осы отынды сырттан әкелуге тыйым салынбақ.

Вице-министр: Қазақстанға ресейлік бензин қажет болмай қалды

Ресейден Қазақстанға бензин тасымалдау тоқтатылады. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ресеймен арадағы келісім аясында Қазақстанға аумағына жеткізілетін өнімдердің көлемі мен түрлері келісілген. Бұл келісімдерге елімізде мұнай өнімдеріне елеулі тапшылық болған кезде қол қойылған еді. Осы орайда РФ тарапы қажетті көлемді қамтамасыз етуге қауқарлы болды. Біз олар ЕЭК аясында екіжақты келісімді бекіттік және ол құжат 2015 жылы күшіне енді. Онда жанар-жағармайдың барлық түрлері қамтылды. Дәстүрлі түрде 900 мың тоннаға тарта жоғары октанды бензинді, 400 мың тоннаға жуық дизель отынын, сондай-ақ 250-270 мың тонна авиациялық керосинді тасымалдадық. Бұл көлем біздің нарықта қажет болды", - деп тоқталды Болат Ақшолақов.

Вице-министр соңғы жылдары еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін, аталған отын түрлерімен қамтамасыз ету деңгейі артқанын еске салып өтті.

"Сәйкесінше, зауыттар жаңғыртылғаннан соң, бүгінде бізде импорттық АИ-92 бензиніне қажеттілік мүлдем жоқ. Сондықтан осы отынды сырттан әкелуге тыйым салмақпыз. Бұл ретте ресейлік әріптестерімізді ескерттік, олар бұл қадамға қарсы емес. Атап айтқанда, олар бізге бұған дейін жіберіп келген мұнай өнімдері көлемін үшінші нарықтарға шығаруға қызығушылық танытып отыр. Атап айтқанда, РФ үшін бұл тиімді", -  деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, импорттан бас тартуға қатысты шектеулер теміржолмен тасымалға арналған.

"Егер де біз импортқа тыйым салсақ, ол теміржол көлігімен тасымалға қатысты болады, яғни авткөлікке байланысты емес. Сондықтан да Ресеймен шекаралас өңірлерде қажетті көлем тасымалдануы мүмкін, алайда теміржол арқылы ауқымды мөлшерде импорттау болмайды", - деп нақтылады Ақшолақов.

"Бұл бұйрық Әділет министрлігінде тіркеуге енгізілді. Ол шыққаннан кейін, күшіне енеді. Меніңше, 10 тамызға қарай ол құжат тіркеуден кейін жарияланады.  Сондай-ақ, 10 күніннен кейін күшіне енеді. Бұл тұрғыда барлық теміржол инстансаларына ескерту жасалады", - деді министрдің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан ресейлік бензинді импорттауды тоқтататынын айтқан еді.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу