Вице-министр көмірдің тоннасы қаншадан сатылып жатқанын айтты

282

Республика бойынша көмір тапшылығы жоқ.

Вице-министр көмірдің тоннасы қаншадан сатылып жатқанын айтты Фото: primeminister.kz

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында көмірдің тоннасы қаншадан сатылып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазіргі уақытта бізде көмір бойынша мәселе жоқ. Біз күзгі-қысқы жылыту кезеңіне жақсылап дайындалдық. Республика бойынша тапшылық жоқ. Күзгі-қысқы кезеңнің сәтті өтуі көмірге ғана емес, мазутқа да байланысты. Бізде 135 мыңға жуық тонна мазут бар. 2024 жылға қарасаңыз, бұл көрсеткіш 33 пайызға көп. Жылдан жылға осы қорды көбейтіп отырмыз", – деді вице-министр.

Тілшілер көмірдің бағасы қаншадан белгіленді деп нақтылады.

"Жалпы қарасақ, бұл аймақтарға байланысты. Негізінен тоннасына 13-16 мың теңгені құрайды. Кейбір разъездерде басқа бағаны естіп жатырмыз. Бірақ, өздеріңізге белгілі, бұл дербес нарық. Біз оны реттемейміз. Сұраныс пен ұсынысты қарасақ, бағаның көтерілетінін көріп отырған жоқпыз. (...) Максималдықта 20 мың теңгені естіп жатырмыз. Бірақ бұл өте сирек. Көбінесе 13-16 мың теңге шамасында", – деп жауап берді Санжар Жаркешов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу